"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 3-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Шымкент қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Шымкент аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Әбдірахымов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "7" наурыздағы № 192 қаулысына қосымша |
2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Шымкент қаласы әкімдігінің 13.09.2019 № 696 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Мамандық коды | Мамандарды даярлау бағыттары | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Бір айда бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге | |
Мамандық атауы | Орын саны | Оқыту нысаны | |||
0300000 Медицина, фармацевтика | |||||
1 | 0301000 | Емдеу ісі | 25 | күндізгі | 51625,00 |
2 | 0302000 | Медбикелік іс | 100 | күндізгі | 51625,00 |
3 | 0304000 | Стоматология | 25 | күндізгі | 51625,00 |
4 | 0305000 | Лабораториялық диагностика | 25 | күндізгі | 51625,00 |
0400000 Өнер және мәдениет | |||||
5 | 0402000 | Дизайн (бейін бойынша) | 40 | күндізгі | 28866,03 |
6 | 0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша ) | 63 | күндізгі | 25982,90 |
7 | 0405000 | Хор дирижеры | 14 | күндізгі | 28866,03 |
8 | 0406000 | Музыка теориясы | 6 | күндізгі | 28866,03 |
9 | 0407000 | Ән салу | 24 | күндізгі | 28866,03 |
10 | 0408000 | Хореография өнері | 10 | күндізгі | 28866,03 |
11 | 0412000 | Кескіндеу, мүсіндеу және графика (түрлері бойынша) | 32 | күндізгі | 28866,03 |
12 | 0413000 | Сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік (бейін бойынша) | 40 | күндізгі | 28866,03 |
0500000 Қызмет көрсету, экономика және басқару | |||||
13 | 0503000 | Слесарлық іс | 25 | күндізгі | 26426,46 |
14 | 0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 150 | күндізгі | 28866,03 |
15 | 0510000 | Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (қолдану аясы және салалары бойынша) | 25 | күндізгі | 26426,46 |
16 | 0513000 | Маркетинг (салалар бойынша) | 50 | күндізгі | 26426,46 |
0800000 Мұнай- газ және химия өндірісі | |||||
17 | 0802000 | Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану | 25 | күндізгі | 28866,03 |
0900000 Энергетика | |||||
18 | 0902000 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 50 | күндізгі | 28866,03 |
19 | 0906000 | Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары | 25 | күндізгі | 28866,03 |
20 | 0911000 | Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | 50 | күндізгі | 28866,03 |
1000000 Металлургия және машина жасау | |||||
21 | 1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика | 25 | күндізгі | 28866,03 |
1100000 Көлік (салалар бойынша) | |||||
22 | 1109000 | Токарлық іс және металл өңдеу (түрлері бойынша) | 25 | күндізгі | 28866,03 |
23 | 1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 125 | күндізгі | 28866,03 |
1200000 Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу салалар бойынша) | |||||
24 | 1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 300 | күндізгі | 28866,03 |
25 | 1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | 25 | күндізгі | 28866,03 |
26 | 1203000 | Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 25 | күндізгі | 28866,03 |
27 | 1206000 | Жол қозғалысын ұйымдастыру | 25 | күндізгі | 28866,03 |
28 | 1209000 | Тоқу өндірісі (түрлері бойынша) | 50 | күндізгі | 28866,03 |
29 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 294 | күндізгі | 28866,03 |
30 | 1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі | 50 | күндізгі | 28866,03 |
1300000 Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. | |||||
31 | 1302000 | Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 100 | күндізгі | 26426,46 |
32 | 1303000 | Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару | 25 | күндізгі | 26426,46 |
33 | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 325 | күндізгі | 26426,46 |
34 | 1305000 | Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) | 50 | күндізгі | 26426,46 |
35 | 1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | 75 | күндізгі | 26426,46 |
1400000 Құрылыс және коммуналдық шаруашылық | |||||
36 | 1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану | 150 | күндізгі | 28866,03 |
37 | 1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | 100 | күндізгі | 28866,03 |
38 | 1410000 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы | 25 | күндізгі | 28866,03 |
39 | 1417000 | Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру | 25 | күндізгі | 28866,03 |
40 | 1418000 | Сәулет өнері | 25 | күндізгі | 28866,03 |
1500000 Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология | |||||
41 | 1504000 | Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 25 | күндізгі | 26426,46 |
42 | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу (инклюзив) | 32 | күндізгі | 50558,28 |
Жиынтығы | 2705 |