РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 96 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 20 мамырында № 89 болып тіркелген, "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде 2010 жылдың 27 мамырында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ербол Сәкенұлы Жаңабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |