"Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі №96 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 137 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 4167 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 96 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2010 жылдың 20 мамырында № 89 болып тіркелген, "Жаңа өмір-Новая жизнь" газетінде 2010 жылдың 27 мамырында жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ербол Сәкенұлы Жаңабаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады