"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы 529 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 31 бабына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
2. "Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) Осы қаулының Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) Осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Шақманұлы Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудан әкімі | М. Өмірбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Меркі ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_____________А. Серикбаев
"____" ____________2019ж
Меркі ауданы әкімдігінің 201_ жылғы____________ №___қаулысына қосымша |
Меркі ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Ауылдық округтерінің атауы | Елді мекендердің атауы | Коэффициент |
1 | Ақарал | Ақарал | 2,05 |
Сыпатай | 2,05 | ||
2 | Ақермен | Ақермен | 2,05 |
Аққөз қайнар | 2,05 | ||
Алтын арық | 1,95 | ||
Кентай | 1,95 | ||
3 | Ақтоған | Ақтоған | 2,05 |
Қазақ Дихан | 1,95 | ||
4 | Андас батыр | Андас батыр | 2,05 |
Аралкыстақ | 1,95 | ||
Гранитогорск | 1,95 | ||
Кызыл қыстақ | 1,95 | ||
Шалдовар | 1,95 | ||
5 | Аспара | Аспара | 1,95 |
Қайындысай | 1,85 | ||
Құмарық | 1,85 | ||
6 | Жамбыл | Талдыбұлақ | 1,95 |
Жамбыл | 2,15 | ||
Жеміс жидек | 2,05 | ||
Тұрлыбай батыр | 1,95 | ||
7 | Жаңатоған | Қостоған | 2,05 |
Қызылсай | 1,85 | ||
Мыңқазан | 1,95 | ||
8 | Кеңес | Кеңес | 2,05 |
Жауғаш батыр | 1,85 | ||
9 | Меркі | Меркі | 2,15 |
Меркі шипажайы | 2,05 | ||
10 | Ойтал | Меркі станция | 2,05 |
Мықанды | 1,95 | ||
Ойтал | 2,05 | ||
11 | Сарымолдаев | Екпінді | 2,05 |
Ойтал | 1,95 | ||
Сарымолдаев | 2,15 | ||
12 | Сұрат | Аққайнар | 1,85 |
Сұрат | 1,95 | ||
Тескентоған | 1,85 | ||
13 | Т.Рысқұлов | Интернациональный | 2,05 |
Т.Рысқұлов | 1,95 | ||
14 | Тәтті | Ақ Жол | 1,95 |
Беларық | 1,95 | ||
Қарасу | 1,95 | ||
Тасөткел разъезді | 1,95 | ||
Тәтті | 2,05 | ||
Тәтті станциясы | 2,05 | ||
Шемен разъезді | 1,95 |