Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қаласының келесі көшелері:
3-я кочегарка көшесі – Ардақ көшесі;
Батарейная көшесі – Қайнар көшесі;
Болотная көшесі – Бірлік көшесі;
Коминтерна көшесі – Ынтымақ көшесі;
Мануфактурная көшесі – Аққайың көшесі;
Пионерская көшесі – Саялы көшесі;
Рабкоровская көшесі – Серпін көшесі;
Совхозная көшесі – Өркен көшесі;
Социалистическая көшесі – Арман көшесі;
Торпедная көшесі – Арай көшесі;
Насыпная көшесі – Жағалау көшесі;
Отвальная көшесі – Талды көшесі;
Паровозная көшесі – Береке көшесі;
Портовская көшесі – Саяхат көшесі;
Пикетная көшесі – Самал көшесі;
Пахотная көшесі – Тұмар көшесі деп қайта аталсын.
2. Жезқазған қаласының Металлургтер алаңы – Қаныш Сәтбаев алаңы деп қайта аталсын.
3. Теміртау қаласының келесі көшелері:
Қарағанды шоссесі көшесі – Қарағанды көшесі;
Нижняя көшесі – Жұмабек Тәшенов көшесі;
Степан Разин көшесі – Сарыарқа көшесі;
Пионерская көшесі – Евгений Брусиловский көшесі;
Советская көшесі – Ынтымақ көшесі деп қайта аталсын.
4. Теміртау қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:
Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ алаңға – Астана атауы;
Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ скверге – Бірлік атауы берілсін.
5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Сессия төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Өтешов |