Қарағанды облысының Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 07/03 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 383 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 5205 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласының келесі көшелері:

      3-я кочегарка көшесі – Ардақ көшесі;

      Батарейная көшесі – Қайнар көшесі;

      Болотная көшесі – Бірлік көшесі;

      Коминтерна көшесі – Ынтымақ көшесі;

      Мануфактурная көшесі – Аққайың көшесі;

      Пионерская көшесі – Саялы көшесі;

      Рабкоровская көшесі – Серпін көшесі;

      Совхозная көшесі – Өркен көшесі;

      Социалистическая көшесі – Арман көшесі;

      Торпедная көшесі – Арай көшесі;

      Насыпная көшесі – Жағалау көшесі;

      Отвальная көшесі – Талды көшесі;

      Паровозная көшесі – Береке көшесі;

      Портовская көшесі – Саяхат көшесі;

      Пикетная көшесі – Самал көшесі;

      Пахотная көшесі – Тұмар көшесі деп қайта аталсын.

      2. Жезқазған қаласының Металлургтер алаңы – Қаныш Сәтбаев алаңы деп қайта аталсын.

      3. Теміртау қаласының келесі көшелері:

      Қарағанды шоссесі көшесі – Қарағанды көшесі;

      Нижняя көшесі – Жұмабек Тәшенов көшесі;

      Степан Разин көшесі – Сарыарқа көшесі;

      Пионерская көшесі – Евгений Брусиловский көшесі;

      Советская көшесі – Ынтымақ көшесі деп қайта аталсын.

      4. Теміртау қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:

      Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ алаңға – Астана атауы;

      Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ скверге – Бірлік атауы берілсін.

      5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
      Сессия төрағасы, Қарағанды облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады