"Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" 2015 жылғы 05 қарашадағы № 64/05 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 26/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 5318 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 05 қарашадағы "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" № 64/05 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3522 тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2015 жылы 10 желтоқсанда № 182-183 (21933-21934), "Орталық Қазақстан" 2015 жылы 10 желтоқсанда № 207-208 (22092) газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2015 жылы 14 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      ""Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      нұсқалған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      көрсетілген қаулының 2 тармағын келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Қарағанды облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын".

      2. "Қарағанды облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" 2015 жылғы 05 қарашадағы № 64/05 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2019 жылғы ________ "____"
№______ қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 05 қарашадағы
№64/05 қаулысына қосымша

Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер

Критерийдің атауы

Иеліктен шығару түрі

1

Облыстық коммуналдық мүлікке (әрі қарай - Объект) одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

Cауда-саттықты аукцион нысанында өткізу

2

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.

Сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу

3

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.

Тікелей атаулы сатылым

4

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

Сауда-саттықты қор биржасында өткізу

5

Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.

Туынды бағалы қағаздарды сату

6

Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату.

Сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу

7

Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. Конкурсты жекешелендiру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзу қажеттілігі.

Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс


О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 05 ноября 2015 года № 64/05 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества"

Постановление акимата Карагандинской области от 30 апреля 2019 года № 26/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 4 мая 2019 года № 5318

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Карагандинской области от 05 ноября 2015 года №64/05 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3522, опубликовано в газетах "Индустриальная Караганда" от 10 декабря 2015 года №182-183 (21933-21934), "Орталық Қазақстан" от 10 декабря 2015 года №207-208 (22092), в информационно-правовой системе "Әділет" 14 декабря 2015 года) следующие изменения:

      преамбулу указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с законами Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 2011 года № 920 "Об утверждении Правил продажи объектов приватизации" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;

      пункт 2 указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "2. Государственному учреждению "Управление экономики Карагандинской области" в установленном законодательством порядке принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством".

      2. Государственному учреждению "Управление экономики Карагандинской области" в установленном законодательством порядке принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Карагандинской области.

      4. Постановление "О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 05 ноября 2015 года №64/05 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества" вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Е. Кошанов

  Приложение
к постановлению акимата
Карагандинской области
от "___" ____ 2019 года
№____
  Приложение
к постановлению акимата
Карагандинской области
от 05 ноября 2015 года
№64/05

Критерии по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества

Наименования критерия

Вид отчуждения

1

Отсутствие заинтересованности государства в дальнейшем контроле над областным коммунальным имуществом (далее –Объект) (условия не выставляются). Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене и привлечения широкого круга участников торгов.

Проведение торгов в форме аукциона

2

Необходимость установления условий продажи Объекта (сохранение профиля деятельности, погашения кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате и другие условия). Необходимость реализации Объекта по максимально возможной цене.

Проведение торгов в форме коммерческого тендера

3

Выполнение условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором).

Прямая адресная продажа

4

Соответствие Объекта требованиям фондовой биржи. Необходимость привлечения широкого круга участников торгов, включая иностранных инвесторов.

Проведение торгов на фондовой бирже

5

Необходимость реализации производных ценных бумаг, удостоверяющих права на акции акционерных обществ, принадлежащие государству.

Продажа производных ценных бумаг

6

Реализация объекта, затрагивающего государственную безопасность, охрану окружающей природной среды, внешнеэкономическое положение Республики Казахстан, определяемого Правительством Республики Казахстан.

Проведение торгов в форме закрытого тендера

7

Необходимость привлечения консультационных услуг по предпродажной подготовке объектов приватизации и их продаже. Необходимость проведение конкурса с участием финансового советника, определяющего приоритет цены и (или) иных условий приватизации.

Конкурс путем двухэтапных процедур