"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 30.04.2019 № 26/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
2. Қарағанды облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесіне белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 30.04.2019 № 26/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің |
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 30.04.2019 № 26/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді) қаулысымен.
№ | Критерийдің атауы | Иеліктен шығару түрі |
1 | Облыстық коммуналдық мүлікке (әрі қарай - Объект) одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. | Cауда-саттықты аукцион нысанында өткізу |
2 | Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі. | Сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3 | Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. | Тікелей атаулы сатылым |
4 | Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі. | Сауда-саттықты қор биржасында өткізу |
5 | Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі. | Туынды бағалы қағаздарды сату |
6 | Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату. | Сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу |
7 | Жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі. Конкурсты жекешелендiру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзу қажеттілігі. | Екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс |