2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 қаулысына және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 71-72 (21 498) "Орталық Қазақстан", 2013 жылғы 4 мамырдағы № 59-60 (21392-21393) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, табиғатты пайдалану және кәсіпкерлік мәселелерін үйлестіретін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының "Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы" бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 қаулысына және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" бірлескен қаулысы мен шешімі ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Қошанов |
Қарағанды облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | И. Георгиади |
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Утешов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы "13" маусым № 36/01 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы "13" маусым XXVI сессиясының №419 бірлескен каулысы мен шешіміне қосымша |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 және Қарағанды облыстық |
|
мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының №141 бірлескен каулысы мен шешіміне қосымша |
Жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері
№ | Аудандар мен қалалардың атаулары | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері мынадай құқықтарда болуы мүмкін | |||||||
жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану | уақытша жер пайдалану | ||||||||
шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарында (гектар) | тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларда және оның үлестес тұлғаларында (гектар) | тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерде және азаматтығы жоқ тұлғаларда (гектар) | тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік заңды тұлғаларда (гектар) | ||||||
барлығы | соның ішінде суармалы | барлығы | соның ішінде суармалы | барлығы | соның ішінде суармалы | барлығы | соның ішінде суармалы | ||
1 | Абай ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 | 45 | 3 | 45 | 3 |
2 | Ақтоғай ауданы | 10 | 2 | 10 | 2 | 50 | 3 | 50 | 3 |
3 | Бұқар жырау ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 | 45 | 3 | 45 | 3 |
4 | Жаңаарқа ауданы | 25 | 3 | 25 | 3 | 50 | 3 | 50 | 3 |
5 | Қарқаралы ауданы | 28 | 3 | 28 | 3 | 50 | 3 | 50 | 3 |
6 | Нұра ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 | 50 | 3 | 50 | 3 |
7 | Осакаров ауданы | 5 | 1 | 5 | 1 | 45 | 3 | 45 | 3 |
8 | Ұлытау ауданы | 5 | 3 | 5 | 3 | 50 | 3 | 50 | 3 |
9 | Шет ауданы | 3 | 0,2 | 3 | 0,2 | 50 | 3 | 50 | 3 |
10 | Балқаш қаласы | 5 | 1 | 5 | 1 | 25 | 1 | 25 | 1 |
11 | Жезқазған қаласы | 5 | 1 | 5 | 1 | 45 | 2 | 45 | 2 |
12 | Қарағанды қаласы | 2 | 0,5 | 2 | 0,5 | 5 | 2 | 5 | 2 |
13 | Қаражал қаласы | 20 | 20 | 50 | 50 | ||||
14 | Приозерск қаласы | 3 | 3 | 40 | 40 | ||||
15 | Саран қаласы | 5 | 5 | 25 | 25 | ||||
16 | Сәтбаев қаласы | 5 | 5 | 45 | 45 | ||||
17 | Теміртау қаласы | 15 | 1 | 15 | 1 | 45 | 2 | 45 | 2 |
18 | Шахтинск қаласы | 60 | 60 | 30 | 2 | 30 | 2 |