Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бұйрығына, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 02 "Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында карантин тоқтату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 40/01 "Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5405 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 шілдеде № 73 (22477) "Индустриальная Караганда", № 73 (22669) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2019 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |