Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында карантин тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 5422 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2019 жылғы 24 шілдедегі № 06-07-2-28/416 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік ветеринария-санитарлық бас инспекторының ұсынысының негізінде, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында құстар арасында Ньюкасл ауруы бойынша карантин тоқтатылсын.

      2. Родников ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 01 "Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5391 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Б.Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады