"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгеру кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Малшыбай ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Малшыбай ауылының көшелеріне "Ұлытау", "Сарыарқа", "Алаш" және екі тұйық көшелеріне "Достық", "Сарыжайлау" атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жаряланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң.
Әкімі | К.М. Бапанов |