Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 25.02.2021 № 16/1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Теміртау қаласындағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі ұйымдары жұмыскерлерінің жалпы тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындар санының екі пайызынан төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
5. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 17/5 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4747 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 15 мамырында электрондық түрде, 2018 жылдың 16 мамырында № 17 (61) "Отан-Заман" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теміртау қаласының әкімі | Ғ. Әшімов |
Теміртау қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" қаңтардағы | |
№ 5/1 қаулысына | |
1- қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | "Теміртау электрометаллургиялық комбинат" акционерлік қоғамы | 1670 | 1 | 16 |
2 | "Ақ бұлақ БОВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 221 | 1 | 2 |
3 | "Корпорация КазЭнергоМаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 198 | 1 | 2 |
4 | "Карасат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 79 | 1 | 1 |
5 | "РемЭнергоМонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 66 | 1 | 1 |
6 | "Центрэнергомонтаж-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 1 | 1 |
7 | "МФ Универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 87 | 1 | 1 |
8 | "Мартенстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 1 | 1 |
9 | "Central Asia Cement" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 1 | 2 |
10 | "Карцемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 574 | 1 | 6 |
11 | "Измет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 1 | 2 |
12 | "TTS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 190 | 1 | 2 |
13 | "КазПромСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 1 | 1 |
Теміртау қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" қаңтардағы | |
№ 5/1 қаулысына | |
2 - қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | "Теміртау электрометаллургиялық комбинат" акционерлік қоғамы | 1670 | 1 | 16 |
2 | "Ақ бұлақ БОВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 221 | 1 | 2 |
3 | "Теміртау электрометаллургиялық комбинат" акционерлік қоғамы | 198 | 1 | 2 |
4 | "Ақ бұлақ БОВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 79 | 1 | 1 |
5 | "Корпорация КазЭнергоМаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 66 | 1 | 1 |
6 | "Карасат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 1 | 1 |
7 | "РемЭнергоМонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 87 | 1 | 1 |
8 | "Центрэнергомонтаж-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 1 | 1 |
9 | "МФ Универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 1 | 2 |
10 | "Мартенстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 574 | 1 | 6 |
11 | "Central Asia Cement" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 | 1 | 2 |
12 | "Карцемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 190 | 1 | 2 |
13 | "TTS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 1 | 1 |
Теміртау қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" қаңтардағы | |
№ 5/1 қаулысына | |
3 - қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | "Теміртау электрометаллургиялық комбинат" акционерлік қоғамы | 1670 | 1 | 16 |
2 | "Ақ бұлақ БОВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 221 | 1 | 2 |
3 | "РемЭнергоМонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 66 | 1 | 1 |
4 | "Центрэнергомонтаж-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 1 | 1 |
5 | "МФ Универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 87 | 1 | 1 |
6 | "Мартенстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 1 | 1 |
7 | "Карасат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 79 | 1 | 1 |
Теміртау қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" қаңтардағы | |
№ 5/1 қаулысына | |
4 - қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | "Temirtau associates and ancillaries" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1436 | 4 | 57 |
2 | "Ақ бұлақ БОВ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 221 | 3 | 7 |
3 | "Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназия" жекеменшік мекемесі | 70 | 2 | 1 |
4 | "Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласы білім беру бөлімі "Айгөлек" № 15 бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 70 | 2 | 1 |
5 | "Теміртау қаласы әкімдігі Теміртау қаласы білім беру бөлімі "Таңшолпан" № 16 бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 79 | 2 | 1 |
6 | "Әлем" балалар-жасөспірімдер орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 61 | 2 | 1 |
7 | "Центрэнергомонтаж-Т" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 98 | 2 | 2 |