Теміртау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 16/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 6206 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Теміртау қаласының әкімі К. Бегимов

  Теміртау қаласының
әкімдігі
2021 жылғы 25
ақпандағы
№ 16/1 қаулыға қосымша

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 5/1 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 ақпанда электрондық түрде, 2019 жылы 13 ақпанда "Отан-Заман" газетінің № 2 (95) санында жарияланған).

      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 14/1 "Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 16/1 "Теміртау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 5274 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 сәуірде электрондық түрде, 2019 жылы 13 сәуірде "Сфера событий" газетінің № 14 (20) санында жарияланған).

      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 17/1 "Теміртау қаласы бойынша орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 5804 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 23 сәуірде электрондық түрде, 2020 жылы 6 мамырда "Ресми Жаршы" газетінің № 37 (1933) санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады