Балқаш қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 12/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 наурызда № 5248 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 08/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 26.02.2020 № 08/02 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 1 тармағы 7) 8) 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) 1 қосымшаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1% пайыз мөлшерінде;

      2) 2 қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1% пайыз мөлшерінде;

      3) 3 қосымшаға сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1% пайыз мөлшерінде.

      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 17/02 "Балқаш қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4751 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 мамырдағы №47-48 (12731) "Балқаш өңірі" және № 44-45 (1723) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 17 мамырдағы жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау саланы қарастырушы Балқаш қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Аглиулин

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "_____
"___________
№___________ қаулысына
1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкер лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлер дің тізімдік санынан

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"ЗОЦМ" Акционерлік қоғамы

194

1

2

2

"Балқаш универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

305

1

3

3

"Су Жылу Транс" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

306

1

3

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "_____
"___________
№___________ қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкер лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлер дің тізімдік санынан

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"ЗОЦМ" Акционерлік қоғамы

305

1

3

2

"Су Жылу Транс" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

307

1

3

3

"Балқашэнерго" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

150

1

2

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "_____
"___________
№___________ қаулысына
3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкер лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлер дің тізімдік санынан

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Балқаш қаласының №1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

319

1

3

2

"Балқаш қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

503

1

5


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Балхаш

Постановление акимата города Балхаш Карагандинской области от 20 марта 2019 года № 12/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 26 марта 2019 года № 5248. Утратило силу постановлением акимата города Балхаш Карагандинской области от 26 февраля 2020 года № 08/02

      Сноска. Утратило cилу постановлением акимата города Балхаш Карагандинской области от 26.02.2020 № 08/02 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно – исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8), 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года №412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №13898), акимат города Балхаш ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Для организаций независимо от организационно-правовой формы и формы собственности установить квоту рабочих мест:

      1) для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в размере 1% процента от списочной численности работников согласно приложению 1;

      2) для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в размере 1% процента от списочной численности работников согласно приложению 2;

      3) для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в размере 1% процента от списочной численности работников согласно приложению 3.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Балхаш от 26 апреля 2018 года № 17/02 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Балхаш" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4751, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" №47-48 (12731) и "Северное Прибалхашье" № 44-45 (1723) от 16 мая 2018 года, Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 17 мая 2018 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Балхаш.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким города А. Аглиулин

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Балхаш
  от "____" _______ 2019 года
№ _____

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации

1

Акционерное общество "ЗОЦМ"

194

1

2

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Балхаш универсал"

305

1

3

3

Коммунальное государственное предприятие "Су Жылу Транс"

306

1

3

  Приложение 2
к постановлению акимата
города Балхаш
от "____" _______ 2019 года
№ _____

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Балхаш универсал"

305

1

3

2

Коммунальное государственное предприятие "Балхаш Су"

307

1

3

3

Коммунальное государственное предприятие "Балхашэнерго"

150

1

2

  Приложение 3
к постановлению акимата
города Балхаш
от "____" _______ 2019 года
  № _____

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (%) от списочной численности работников

Количество рабочих мест для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

1

Коммунальное государственное предприятие "Поликлиника №1 города Балхаш"

319

1

3

2

Коммунальное государственное предприятие "Центральная больница города Балхаш"

503

1

5