Балқаш қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 08/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 5717 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 30/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 29.07.2021 № 30/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 7) 8) 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) 1 қосымшаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1% пайыз мөлшерінде;

      2) 2 қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1% пайыз мөлшерінде;

      3) 3 қосымшаға сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1% пайыз мөлшерінде.

      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы №12/04 "Балқаш қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5248 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 ақпандағы №17 (12811) "Балқаш өңірі" және №18 (1804) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 1 сәуірдегі жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау саланы қарастырушы Балқаш қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі О. Таурбеков

  Балқаш қаласының әкімдігі
2020 жылғы 26 ақпаны
№ 08/02
қаулысына
1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Балқаш универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

221

1

2

2

"Nurasyl и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

10

1

1

  Балқаш қаласының әкімдігі
2020 жылғы 26 ақпаны
№ 08/02
қаулысына
2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Балхаш Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

307

1

3

  Балқаш қаласының әкімдігі
2020 жылғы 26 ақпаны
№ 08/02
қаулысына
3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Балқаш қаласының №1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

328

1

3

2

"Балқаш қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

411

1

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады