Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Балқаш қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/21 "Нысаналы мақсаты және пайдалану режимі бойынша аумақтар анықталып жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-276 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырында "Балқаш өңірі" № 49-50 (11868) және "Северное Прибалхашье" № 49-50 (821) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Пшенбаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |