Қалалық мәслихаттың шешімінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 35/286 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 5661 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Балқаш қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 14 наурыздағы №2/21 "Нысаналы мақсаты және пайдалану режимі бойынша аумақтар анықталып жерлерді аймақтандыру сызбаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-276 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырында "Балқаш өңірі" № 49-50 (11868) және "Северное Прибалхашье" № 49-50 (821) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Пшенбаев
      Қалалық мәслихат хатшысы К. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады