Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 15.01.2020 № 5 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы:
1) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылытын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес;
3) Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д.Джакуповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Досаев |
Қаражал қаласы әкімдігінің | |
201 __ жылғы "___"_________ | |
№___қаулысына 1 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылытын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1. | "Өркен-Атасу" Өкілдігінің "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 967 | 0,1 | 1 |
Қаражал қаласы әкімдігінің | |
201__ жылғы "___"________ | |
№ ___ қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1. | "Өркен-Атасу" Өкілдігінің "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 967 | 0,1 | 1 |
Қаражал қаласы әкімдігінің | |
201 __ жылғы "___"__________ | |
№___ қаулысына 3 қосымша |
Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 16.05.2019 № 52 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%) | Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Өркен-Атасу" Өкілдігінің "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 967 | 0,1 | 1 |
2 | "Қаражал қаласының әкімиятының Қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 100 | 1 | 1 |
3 | Жәйрем кенті әкімінің аппаратының "Жәйрем Болашақ" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 54 | 4 | 2 |