Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 19.08.2021 № 63/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары бекітілсін.
2. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 03/13 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2558 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірдегі №15 (2102) "Шарайна" газетінде, 2014 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А. Төлендинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ыдырысов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ________ №____ қаулысына қосымша |
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5 бабының 11) тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңға, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.
5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.
6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық - медициналық - психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
7. Баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланың немесе білім алушының қалауын, жеке қабілетін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдайды.
8. Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінеді.
2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі
9. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
5) 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана.
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.
10. Балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.
11. Білім алушыларды бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатты бергеннен кейін басталады.
13. Білім алушыларды гимназиялардың, лицейлердің оныншы, он бірінші сыныптарына қабылдау гимназияның, лицейдің жарғысына сәйкес аталған білім беру ұйымдары түрлерінің қызмет көрсету аумағы ескерілместен білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты негізінде жүзеге асырылады.
14. Гимназиялар және лицейлер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында айқындалған міндетті білім көлемін алуын қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін сыныптарды қалыптастырады.
15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқуға қабылдаудың қосымша конкурстық турларын белгілейді. Білім алушыларды іріктеудің мазмұны мен нысаны, қабылдау, ауыстыру және бітіру тәртібі аталған білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қабылдау конкурсын өткізу үшін құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссия құрылады. Құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссия мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері және басқа да мамандары қатарынан құрылады және мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
17. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:
1) ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;
2) үміткердің ЖСН көрсетілген (қоса берілген) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген оқудағы жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) 3х4 көлеміндегі екі фотосурет.
18. Бекітілген мерзімнен кеш ұсынылған өтініш конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдамауға негіз болып табылады.
19. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуден өтуге құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 10 мамырына дейін жүзеге асырылады.
20. Құжаттарды қабылдау туралы ақпарат мамандандырылған білім беру ұйымдарының интернет-ресурсында орналастырылады және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
21. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, қажет болған жағдайда ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу өтетін орындарға кіргізу кезінде пайдаланылатын бейнебақылау және дыбыстық жазба жүйелері орнатылады.
22. Конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық іріктеу өткеннен кейін келесі күннен кешіктірмей мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
23. Конкурстық іріктеу өткеннен кейін бес күн ішінде негізгі және резервтік тізімдер жасалады және қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
24. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылданғандардың негізгі тізімін қабылданатын сынып-комплектілер санына қарай қабылдау комиссиясы жасайды.
Үміткерлердің резервтік тізімі алған балл сандары бойынша балдарының кемуі ретіне қарай негізгі бос орындарға кірмеген (10 адамнан кем емес) конкурсқа қатысушылардан құрылады.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы шешім педагогикалық кеңес хаттамасымен ресімделеді.