Сәтбаев қаласының әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 63/02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24083 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 68/01 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А. Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Идрисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады