Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 19.12.2019 № 53/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6), 7), 8) тармақшаларына, "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген), "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 - баптарын басшылыққа ала отырып Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Саран қаласының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде:
1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үшін осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 12/06 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4201 болып тіркелген, "Саран газеті" қалалық газетінде 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 20 (901), Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 сәуірде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Темирханов |
Саран қаласы әкімдігінің 201_ жылғы ___________ № __________ қаулысына 1-қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санының %) | Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1. | "Galex plus" Саран тігін-трикотаж фабрикасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2 | 1 |
2. | Қарағанды облысы білім басқармасының "Саран техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 65 | 2 | 1 |
3. | "A.V. Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 2 | 1 |
Барлығы | 3 |
Саран қаласы әкімдігінің 201_ жылғы ___________ № __________ қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны, (адам) | Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санының %) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1. | Саран қаласы әкімдігі Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Саранькоммунсервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 115 | 1 | 1 |
2. | "Карат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 128 | 1 | 1 |
3. | "СКЭП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 47 | 1 | 1 |
4. | "Евромет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 115 | 1 | 1 |
Барлығы | 4 |