Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 21.12.2022 № 189 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы №541 "Саран қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3732 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 сәуірде, 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 "Саран газеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Тажибаева |
Мәслихат хатшысы | Ө. Баймағанбетов |
Саран қалалық маслихатының 2019 жылғы _________№_____ шешіміне қосымша |
|
Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы №541 шешімімен бекітілген |
Саран қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтардың жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Нормасы, жылына 1 есептік бірлік куб метрге |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1.1 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1.5 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0.39 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0.92 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0.36 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0.95 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0.01 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0.91 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0.17 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0.90 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0.14 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1м² | 0.09 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0.04 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м² | 0.11 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1м² | 0.86 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м² | 3.13 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м² | 0.35 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м² | 0.20 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1м² | 0.11 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1м² | 0.07 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1м² | 0.25 |
21 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1м² | 0.03 |
22 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0.22 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1.27 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0.93 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0.53 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1.21 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0.23 |
28 | Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0.28 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 1.60 |
30 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м² | 0.13 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0.22 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 3.39 |
* Ескерту: м2 – шаршы метр, м3- текше метр