Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 189 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31239 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Саран қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 ақпандағы № 541 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3732 болып тіркелген) шешімі;

      2) Саран қалалық мәслихатының "Саран қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы "Саран қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" №541 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 15 тамыздағы № 433 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5440 болып тіркелген) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы О. Баймаганбетов

  Саран қалалық мәслихатының
2022 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 189
шешіміне қосымша

Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы және
жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,1
1,5

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,39

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,92

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,36

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,95

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,01

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,91

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,17

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,90

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,14

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,09

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,04

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,11

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,86

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

3,13

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,35

17

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,20

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,07

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,25

20

Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,22

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

1,27

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,93

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,53

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,21

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,23

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,28

28

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

1,60

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

30

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,22

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

3,39


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады