Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 25.11.2019 № 48/02 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) 1–қосымшаға сәйкес бас бостандығының айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;
2) 2–қосымшаға сәйкес пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 54/02 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4581 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2018 жылдың 26 қаңтарда, 2018 жылдың 2 ақпанда № 5 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |
1 қосымша Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 6/01 қаулысына қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Апрель-Кулагер" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 204 | 1 | 2 |
2 | "Шахтинскводоканал" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 202 | 1 | 2 |
3 | "Шахтинсктеплоэнерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 294 | 1 | 3 |
4 | "Шахтинск қаласының емханасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 432 | 1 | 4 |
5 | "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 359 | 1 | 4 |
2 қосымша Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 6/01 қаулысына қосымша |
Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Апрель-Кулагер" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 204 | 1 | 2 |
2 | "Шахтинскводоканал" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 202 | 1 | 2 |
3 | "Шахтинсктеплоэнерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 294 | 1 | 3 |
4 | "Шахтинск қаласының емханасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 359 | 1 | 4 |
5 | "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 432 | 1 | 4 |