Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 48/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 5537 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 5/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 03.02.2021 № 5/01 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:

      1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандықты айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;

      2) 2-қосымшаға сәйкес пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде.

      2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 6/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2019 жылдың 13 ақпанда, 2019 жылдың 15 ақпанда № 6 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "____" _________
№_____ қаулысына
1-қосымша

Бас бостандықты айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандықты айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Апрель-Кулагер" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

194

1

2

2.

"Шахтинскводоканал" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

205

1

2

3.

"Шахтинсктеплоэнерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

300

1

3

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "____" _________
№_____ қаулысына
2-қосымша

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Апрель-Кулагер" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

194

1

2

2.

"Шахтинскводоканал" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

205

1

2

3.

"Шахтинсктеплоэнерго" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

300

1

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады