Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №10/06 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы" қаулысы күшін жойды деп табылсын (Құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміндегі №4212, 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 16 (4170) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылдың 28 сәуірінен).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |