"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша 2019 жылға арналған егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің қадағалаушы орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
Абай ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "___" _______ | |
№ __/__ қаулысына | |
қосымша |
Абай ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша 2019 жылға арналған егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ п/п | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі | Оңтайлы мерзімі | |
басталуы | аяқталуы | ||
1 | Жаздық бидай | 10 мамыр | 25 мамыр |
2 | Арпа | 20 мамыр | 27 мамыр |
3 | Сұлы | 20 мамыр | 27 мамыр |
4 | Картоп | 10 мамыр | 25 мамыр |
5 | Еркекшөп | 10 мамыр | 20 қазан |
6 | Жоңышқа | 10 мамыр | 20 қазан |
7 | Эспарцет | 10 мамыр | 20 қазан |