Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданынының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2674 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1) 10-тармақтың:
5) тармақшасы алынып тасталсын;
6) тармақша келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:
Абай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар амбулаториялық емделу кезеңінде – "туберкулез" ауруының болуы негіз болып табылады.";
2) 16-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Ыбышев |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |