Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн айқындау туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2020 жылы тұрғын-үй салуға және сатып алуға бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шаралары берілсін.
2. Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Ыбышев |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |