Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бакытжан Мылтыкбайұлы Мұқанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 2 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 4241 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 11 мамырында, "Жаңаарқа" аудандық газетінің № 18-19 (9808) санында 2017 жылдың 29 сәуірінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ю. Бекқожин |