Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты - оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану үшін ауданы 56,2814 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қуандықұлы Серіковке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ю. Бекқожин |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "____" _________ | |
№ _______ қаулысына | |
қосымша |
Жаңаарқа ауданының әкімі | Кент, ауылдық округтердің атауы | Ю. Беккожин |
1 | Атасу кенті | 8,2814 |
2 | Сейфуллин ауылдық округі | 14,7538 |
3 | Бидайық ауылдық округі | 6,6357 |
4 | Қараағаш ауылдық округі | 16,9025 |
5 | Байдалыби ауылдық округі | 9,7083 |
Барлығы | 56,2814 |