Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 81 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3755 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 30 сәуірде № 35-36 (11470) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) қаулысы;
2) Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 192 "Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 81 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3952 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 17 қыркүйекте № 75-76 (11508) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Максутов |