Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 18.04.2019 № 146 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 81 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3755 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 35-36 (11470) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулы қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Токмурзин |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 192 қаулысына қосымша Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 81 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесі
Р/с | Атауы |
1. | Жұмыстар |
1.1 | Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар құрылыс немесе бар нысандардың қайта құру жұмыстары |
1.2 | Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары |
1.3 | Ауданға қарасты коммуналдық меншіктегі ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстары |
1.4 | "Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамытудың" бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары |