Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Абай ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 5196 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Абай ауылдық округі Айнабұлақ ауылының Тәттімбет, Мөшеке Би көшелері аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданының Абай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 01 "Абай ауылдық округі Айнабұлақ ауылының Тәттімбет, Мөшеке Би көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4933 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 қыркүйектегі № 37 (11681) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 11 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауылдық округінің әкімі А.К. Нуркенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитететінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Т.Ж. Көпжасаров

      13 ақпан 2019 жыл

О снятии ограничительных мероприятий

Решение акима Абайского сельского округа Каркаралинского района Карагандинской области от 13 февраля 2019 года № 01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 февраля 2019 года № 5196

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", аким Абайского сельcкого округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации бруцеллеза среди крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории улиц Тәттімбет, Мөшеке Би села Айнабулак Абайского сельского округа.

      2. Признать утратившим силу решение акима Абайского сельского округа Каркаралинского района от 4 сентября 2018 года № 01 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории улиц Тәттімбет, Мөшеке Би села Айнабулак Абайского сельского округа" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4933, опубликовано в газете "Қарқаралы" от 15 сентября 2018 года № 37 (11681), в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 11 сентября 2018 года).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решения вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Абайского сельского округа А.К. Нуркенова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения
      "Каркаралинская районная территориальная
      инспекция комитета ветеринарного контроля
      и надзора Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан" Т.Ж. Копжасаров

      13 февраля 2019 года