Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының шешімі негізінде Пионер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін ауданы 11,7384 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | О. Аманжол |
Пионер ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 02 шешіміне қосымша |
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Жария сервитутты белгілеу ауданы, гектар |
1 | Пионерское ауылы | 5,4150 |
2 | Центральное ауылы | 0,6330 |
3 | Приишимское ауылы | 5,6904 |
Барлығы | 11,7384 |