Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округінің әкімінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 наурызда № 5260 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық жер комиссиясының шешімі негізінде Пионер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты – оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін ауданы 11,7384 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, үш жыл мерзімге жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы О. Аманжол

  Пионер ауылдық округі әкімінің
2019 жылғы 19 наурыздағы
№ 02 шешіміне
қосымша

№ р/с

Елді мекеннің атауы

Жария сервитутты белгілеу ауданы, гектар

1

Пионерское ауылы

5,4150

2

Центральное ауылы

0,6330

3

Приишимское ауылы

5,6904


Барлығы

11,7384


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады