Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін – өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" №01/02 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4114 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтардағы №03 (10 624) "Шет шұғыласы" аудандық газетіне, 2017 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мұхтаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Шет ауданының әкімі | М.Жандаулетов |