Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 01/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда № 4114 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының Шет ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 12/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының Шет ауданы әкімдігінің 01.03.2019 № 12/01 (01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Шет ауданның мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдансын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Жандаулетов

  Шет ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 9 қаңтардағы
№ 01/02 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі.

р/с №

Атауы

1

Тауарлар


автокөлік құралдарын сатып алу


дербес компьютерлер, моноблоктар (республикалық бюджет заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

2

Жұмыстар


бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау


аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізу


бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандар салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

3

Қызметтер


бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинигирингтік қызметтер көрсету


аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинигирингтік қызметтер көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады