Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №20/166 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4684 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірдегі №16 (10688) "Шет Шұғыласы" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 19 сәуірінде электрондық түрде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
Шет ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г.А. Мукушев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Төлеуқұлов |