Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
1) Приозерск қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласының әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 20__ жылғы "__"_________ №_____ қаулысына 1 қосымша |
Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Приозерск қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 249 | 2 | 5 |
Приозерск қаласы әкімдігінің 20__ жылғы "__"_________ №_____ қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Қоммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 173 | 2 | 3 |
Приозерск қаласы әкімдігінің 20__ жылғы "__"_________ №_____ қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Приозерск қаласының "Балақай" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 51 | 2 | 1 |