Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 17 ақпандағы N 2/8 "Автотұрақтар (паркингтер) аумақтарына жер салығы ставкаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-272 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда № 12(245) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылады деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Әбдімүтәліпов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б.Сәрсембеков |