Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 21.11.2019 № 35/345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салықтың базалық ставкалары он есеге ұлғайтылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты бюджет комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | Ж. Кеңесов |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Сәрсембеков |
Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 ақпандағы N 2/8 қаулысына 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
N | Типтері |
1. | Автотұрақ (паркинг) |
2. | Жер үстіндегі (паркинг) жабық түрде |
3. | Автотұрақ (паркинг) ашық түрде |
4. | Автотұрақ (паркинг) пандустармен (рампалармен) |
5. | Механикалық автотұрақ (паркинг) |
6. | Жер астындағы автотұрақ (паркинг) |
Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 ақпандағы N 2/8 қаулысына 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Приозерск қаласының жерлеріне салықты есептеу үшін базалық ставкасының ұлғайған мөлшері
N | Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері | Автотұрақтардың (паркингтің) санаты | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, Приозерск қаласының жерлеріне бір шаршы метр үшін салынатын базалық салық ставкалары (теңге) | Базалық ставканың ұлғайту мөлшері | Ұлғаю мөлшерін есепке ала отырып (теңге), автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Приозерск қаласының жерлеріне базалық салық ставкасы |
1. | Автотұрақ (паркинг) | 1 | 8,20 | 10 | 82,0 |
2. | Жер үстіндегі (паркинг) жабық түрде | 2 | 8,20 | 10 | 82,0 |
3. | Автотұрақ (паркинг) ашық түрде | 3 | 8,20 | 10 | 82,0 |
4. | Автотұрақ (паркинг) пандустармен (рампалармен) | 4 | 8,20 | 10 | 82,0 |
5. | Механикалық автотұрақ (паркинг) | 5 | 8,20 | 10 | 82,0 |
6. | Жер астындағы автотұрақ (паркинг) | 6 | 8,20 | 10 | 82,0 |