Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 24.04.2019 № 1373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17306 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ. Ысқақов |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қаңтардағы №1313 қаулысымен бекітілген |
2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия көлемі | |
бас, | мың теңге | ||||
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | ||||
1.1 | Тауарлық аналық бас | бас | 10000 | 49000 | 490000 |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас* | бас | 20000 | 2000 | 40000 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100000 | ||
3. | Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу | бас | 150000 | 1000 | 150000 |
4. | Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу* | бас | 225000 | 1250 | 281250 |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату | тірідей салмағының бір килограмы | 200 | 1915 | 383000 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | қосқан салмағының бір килограмы | 200 | 1150 | 230000 |
7. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату | сиыр етінің бір килограмы | 175 | ||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу | ||||
1.1 | бір жынысты | доза | 10000 | 2400 | 24000 |
1.2 | қос жынысты | доза | 5000 | 1140 | 5700 |
2. | Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу: | ||||
2.1 | отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен импортталған | бас | 150000 | 200 | 30000 |
2.2 | Аустралия, Америка Құрама Штаттары және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған* | бас | 337000 | 200 | 67400 |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
3.1 | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 35 | 6600 | 231000 |
3.2 | бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 20 | ||
3.3 | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | сынақ салмағының бір килограмы | 10 | ||
3.4 | Ауыл шаруашылығы кооперативі** | сынақ салмағының бір килограмы | 10 | 260 | 2600 |
4. | Қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас | 100000 | ||
5. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5000 | 1500 | 7500 |
6. | Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | бас | 80000 | ||
7. | Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату | бас | 120000 | 1000 | 120000 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 1000 | 52000 | 52000 |
2. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
2.1 | асыл тұқымды аналық бас | бас | 2500 | 48000 | 120000 |
2.2 | тауарлық аналық бас | бас | 1500 | 50000 | 75000 |
3. | Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | бас | 8000 | 1000 | 8000 |
4. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу | бас | 10000 | 300 | 3000 |
5. | Қозы өткізу құнын арзандату | бас | 3000 | 6000 | 18000 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу | бас | 100000 | 90 | 9000 |
2. | Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату | килограмм | 60 | 65 | 3900 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу | бас | 100000 | ||
2. | Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 55 | 90 | 4950 |
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу** | балара ұясы | 5000 | 1000 | 5000 |
Барлығы | х | х | х | 2361300 |
Ескертпе:
* - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50 пайызға дейін ұлғайтуға жол беріледі;
** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражат бөлінгенде.
Асыл тұқымды және таза тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған финалдық нысандағы тәуліктік асыл тұқымды балапанды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
Тауар өндірушілер үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты өндірісі арнайы комиссияның қорытындысында көрсетілген, 24-аш нысаны бойынша өткен жылға арналған жылдық статистикалық деректермен айқындалады.