2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 1313 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 6658 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 1373 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 24.04.2019 № 1373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17306 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қаңтардағы №1313 қаулысымен бекітілген

2019 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

бас,
тонна

мың теңге

Етті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: 

1.1

Тауарлық аналық бас

бас

10000

49000

490000

1.2

Асыл тұқымды аналық бас*

бас

20000

2000

40000

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

100000



3.

Отандық етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын сатып алу

бас

150000

1000

150000

4.

Импорттық асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу*

бас

225000

1250

281250

5.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату

тірідей салмағының бір килограмы

200

1915

383000

6.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағының бір килограмы

200

1150

230000

7.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

сиыр етінің бір килограмы

175



Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды бұқалардың ұрығын сатып алу





1.1

бір жынысты

доза

10000

2400

24000

1.2

қос жынысты

доза

5000

1140

5700

2.

Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу:





2.1

отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен импортталған

бас

150000

200

30000

2.2

Аустралия, Америка Құрама Штаттары және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған*

бас

337000

200

67400

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:

3.1

бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір килограмы

35

6600

231000

3.2

бағымдағы аналық бас саны 400 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір килограмы

20



3.3

бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық

сынақ салмағының бір килограмы

10



3.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі**

сынақ салмағының бір килограмы

10

260

2600

4.

Қоғамдық табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

100000



5.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

5000

1500

7500

6.

Эмбриондарды телу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас

80000



7.

Сүтті бағыттағы аналық бастың азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

120000

1000

120000

Қой шаруашылығы

1.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

1000

52000

52000

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

2.1

асыл тұқымды аналық бас

бас

2500

48000

120000

2.2

тауарлық аналық бас

бас

1500

50000

75000

3.

Асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу 

бас

8000

1000

8000

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу

бас

10000

300

3000

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

бас

3000

6000

18000

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу

бас

100000

90

9000

2.

Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату

килограмм

60

65

3900

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

бас

100000



2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

55

90

4950

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу**

балара ұясы

5000

1000

5000

Барлығы

х

х

х

2361300

      Ескертпе:

      * - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген кезде субсидиялау нормативтерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Министрлікпен келісім бойынша белгіленген нормативтен 50 пайызға дейін ұлғайтуға жол беріледі;

      ** - жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражат бөлінгенде.

      Асыл тұқымды және таза тұқымды жануарлардың барлық түрлерін, құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, республикалық палаталарда тіркелген құс фабрикаларынан алынған финалдық нысандағы тәуліктік асыл тұқымды балапанды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.

      Тауар өндірушілер үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты өндірісі арнайы комиссияның қорытындысында көрсетілген, 24-аш нысаны бойынша өткен жылға арналған жылдық статистикалық деректермен айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады