Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 338 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5382 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2016 жылғы 15 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы жекешелендірілетін акционерлік қоғамының акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысуындағы мемлекеттің үлесі, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде заңды тұлғалар тізбесінде:
реттік нөмірі алтыншы жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |