"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 03-03-586 ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4539 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Ысқақов |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "14" тамыздағы № 37 қаулысына қосымша | |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы "23" қазандағы № 334 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантинді аймақ
№ | Аудандар мен қала атаулары | Барлық залалданған аумақ, гектар | Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар | |||
жатаған (қызғылт) кекіре | арам сояулар | калифорниялық қалқаншалы сымыр | қауын шыбыны | |||
1. | Арал ауданы | 89 | 84 | 1 | 4 | - |
2. | Қазалы ауданы | 1828 | 1426 | 192 | - | 210 |
3. | Қармақшы ауданы | 212 | 72 | 20 | - | 120 |
4. | Жалағаш ауданы | 3635 | 3033 | 481 | 10 | 111 |
5. | Сырдария ауданы | 4241 | 2583 | 1470 | - | 188 |
6. | Шиелі ауданы | 4041 | 2252 | 1164 | 5 | 620 |
7. | Жаңақорған ауданы | 2341 | 1192 | 804 | 5 | 340 |
8. | Қызылорда қаласы | 2592,5 | 2293 | 260,5 | 18 | 21 |
Барлығы | 18 979,5 | 12 935 | 4 392,5 | 42 | 1 610 |