"Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 37 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 тамызда № 6890 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 03-03-586 ұсынысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4539 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Ысқақов

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "14" тамыздағы № 37 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы "23" қазандағы № 334 қаулысына қосымша

Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантинді аймақ

Аудандар мен қала атаулары

Барлық залалданған аумақ, гектар

Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар

жатаған (қызғылт) кекіре

арам сояулар

калифорниялық қалқаншалы сымыр

қауын шыбыны

1.

Арал ауданы

89

84

1

4

-

2.

Қазалы ауданы

1828

1426

192

-

210

3.

Қармақшы ауданы

212

72

20

-

120

4.

Жалағаш ауданы

3635

3033

481

10

111

5.

Сырдария ауданы

4241

2583

1470

-

188

6.

Шиелі ауданы

4041

2252

1164

5

620

7.

Жаңақорған ауданы

2341

1192

804

5

340

8.

Қызылорда қаласы

2592,5

2293

260,5

18

21

Барлығы

18 979,5

12 935

4 392,5

42

1 610


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады