"Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 63 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 қыркүйекте № 6919 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 18.06.2020 № 56 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 1244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6476 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамамен белгіленген тәртіппен қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі К. ИСКАКОВ

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қыркүйектегі № 63 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "16" қазандағы № 1244 қаулысымен бекітілген

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Бір тоннаға субсидия нормасы, теңге

1.

Күріш

3500


О внесении изменения в постановление акимата Кызылординской области от 16 октября 2018 года № 1244 "Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий"

Постановление акимата Кызылординской области от 18 сентября 2019 года № 63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 19 сентября 2019 года № 6919. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 18 июня 2020 года № 56

      Сноска. Утратило силу постановление акимата Кызылординской области от 18.06.2020 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 4-3/177 "Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства, стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 11094) акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Кызылординской области от 16 октября 2018 года № 1244 "Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6476, опубликовано 6 ноября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур, утвержденный указанным постановлением, изложить в редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Кызылординской области" в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Намаева Б.Б.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области К. ИСКАКОВ

  Приложение к постановлению акимата Кызылординской области от "18" сентября 2019 года № 63
  Утвержден постановлением акимата Кызылординской области от "16" октября 2019 года № 1244

Перечень приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур

Наименование приоритетной сельскохозяйственной культуры

Норма субсидии на одну тонну, тенге

1.

Рис

3500