"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округінің мынадай елді мекендері:
1) Қубас елді мекені Талдыарал елді мекенінің құрамына енгізілсін;
2) Қалғандария елді мекені таратылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | К. Искаков |
Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 40-сессиясының төрағасы, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
К. Бисенов |